Сингапурде 100 мыңнан астам су жануары бар аквариум ашылды

АСТАНА.  7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сингапурде S.E.A. Aquarium деген атаумен әлемдегі ең үлкен аквариум ашылды.
None
None

Ол Сентоса деп аталатын курортты аралда орналасқан әйгілі Resorts World Sentosa ойын-сауық паркінің бір бөлігіне айналып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Сыйымдылығы 54,6 миллион литр болатын аквариумде 100 мыңнан астам су жануары бар. Оларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Парсы шығанағынан және өзге де аймақтардан алдыртыпты. Аталмыш орталыққа кіру құны ересектер үшін 24 долларды құрап отыр.
Аквариумның ең көз тартар бөлігі - шыныдан жасалған үлкен қабырғасы. Оның ұзындығы 35,4 метр, биіктігі 8 метрден асады. Бұл жерде тұрып су жануарларының барлығында бақылай аласыз. S.E.A. Aquarium сонымен қатар, балаларға арналған дамыту интерактивті бағдарламаларын да әзірлеген. Ол арқылы аквариумды мекендеген балықтар жайында толыққанды мәліметтер алуға болады.
Аквариуммен бірге сондай-ақ, бұл маңнан аквапарк те ашылып отыр. Демалыс орнында толқынды бассейн, өзен, сырғанақтар бар. Ал, жүрек жұтқан азаматтар дельфиндермен және скаттармен бірге суда жүзе алады.

Соңғы жаңалықтар