Сингапурде өткен технологиялық конференцияда қазақстандық жоба үздік ондыққа енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурде өтіп жатқан ірі «Echelon Asia Summit» 2015 технологиялық конференциясында перспективалы старт-жобалар таңдалды. Іріктеу нәтижесі бойынша қазақстандық «EcoSocket» жобасы үздік Топ-10-қа кірді.
Қазақстандық қатысушылардың айтуынша, отандастарымыз Сингапур, Гонкгонг, Австралия, Тайвань, Таиланд және Филиппин жобаларымен бәсекеге түскен. «EcoSocket» - белгі беру үшін Wi-Fi-таратқыш, тоқ тетігі, релемен жарақталған электр аспабына розеткадан жалғасатын тетік (электр энергиясын тұтыну нақты аспаппен және энергия көзінен аспапты сөндіру/жағу тетігімен өлшенеді). «Біз ондыққа кіретінімізге сенімді болдық. Ұзақ уақыт дайындалдық. Азиялық стартап-қауымдастық кеңес беруге бірден әзірлігімен, белсенділігімен ерекше. Бірнеше кездесулер тағайындалып, инвестициялар ұсынылды. Ертең конференцияның басты сахнасына шығамыз. Жобаны пысықтау үстіндеміз», - деді жобаның негізін қалаушы Санжар Мырзағалым. -EcoSocket» тетігінен басқа қазақстандық тағы 8 стартап бар. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» қолдауымен өз өнімдерімізді алғаш рет әлемдегі ең ірі нарықтарға (Үндістан мен Қытайды есептемегенде 800-ден астам адам) шығарып отырмыз, - деді ол.