Сингапурде жасөспірімдер арасындағы І Азия чемпионаты аяқталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.
43 елдің 1470 спортшысы бақ сынаған дүбірлі додада спортың 10 түрі бойынша 90 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Ал Қазақстаннан спорттың 5 түрі бойынша 33 спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте олар 4 алтын, 6 күміс, 4 қола медальмен 8-ші орынға табан тіреді. Маусымның 29-ы күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде бірінші орынды Қытай, екінші орынды Оңтүстік Корея, үшінші орынды Тайланд құрамалары иеленді.
Тоғыз күнге созылған бұл жарыста ел қоржынына ең көп олжа салған жүзгіштер болды (3 алтын, 3 күміс). Тұғырдың ең биік сатысына Екатерина Руденко - 2 рет, Юлия Литвина - 1 рет, Руслан Байменов екінші сатыға - 2 рет, Эльмира Айғалиева 1 рет көтерілді. Одан кейін жеңіл атлеттерден Константин Кудряшов - алтын, Эллина Михина - күміс, ал жағажай волейболынан ерлер мен қыздар командалары күміс олжалады.