08:08, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Сингапурде жолаушылар ұшағы қону кезінде отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Singapore Airlines әуе компаниясының ұшағының шұғыл қонуы кезінде оң қанаты отқа оранды. Channel News Asia телеарнасынан хабарлағандай, оқиға салдарынан сингапурлық «Чанги» әуежайында зардап шеккендер болмады.

ТАСС хабарлағандай, Boeing 777 Сингапур - Милан бағытында ұшқан. Шамамен екі сағаттан кейін қозғалтқыштардың бірінде болған ақау салдарынан командир әуежайға қайта оралу шешімін қабылдады. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, мұнда жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін. Қону кезінде ұшақтың оң жағында өрт шықты. Өрт сақшылары оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жетті.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, сонымен қатар авиатасымалдаушы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.