Сингапурдегі жасөспірімдер олимпиадасында зілтеміршілерміз 3 медаль жеңіп алды

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сингапурде өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық зілтеміршілер еліміздің құрама командасының қоржынын үшінші медальмен толықтырды. Бұған дейін Жазира Жаппарқұл (63 килә) мен Зүлфия Чиншанло (58 килә) алтын және күміс медаль еншілесе, кеше қызылордалық Рүстем Сыбай қола медалға қол жеткізді.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, тарихта тұңғыш рет жасөспірімдер Олимпиадасы өткен сенбі күні Сингапурде басталған болатын. Тамыздың 14-26-сы аралығында өтетін Олимпиадаға қазақ елінен 48 спортшы аттанды. Жасөспірімдер арасындағы бұл айтулы бәсекеге әлемнің әр түрлі елдерінен келген 3 мың 594 спортшы қатысуда. Олар негізінен 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл әлемдік додада қатысушылар спорттың 30 түрінен бақ сынаспақ. Онда жалпы саны 201 медаль сарапқа түскелі отыр.

Соңғы жаңалықтар