Сингапурдың бірінші премьері Ли Куан Ю-ды ақтық сапарға шығарып салуға 1,4 млн-нан астам адам барды

«Қарапайым халық 25 - 28 наурыз аралығында Ли Куан Ю мәйіті жатқан парламент ғимаратына бара алды», - делінген хабарламада. Парламентте кезекте күту кей күндері 10 сағатқа дейін жеткен.
Ұйымдастыру комитетінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына бұл күндері шамамен 4 млн. пайдаланушы кірген. Комитет сайтының бір күндік аудиториясы 313 мың адамға жетіп отырған.
Жексенбі күні таңертеңнен сингапурлықтар бірінші премьерін ақтық сапарға шығарып салу үшін оның мүрдесін өткізетін жерде орын алып жатыр. Ұлттық университеттің мәдени орталығында жергілікті уақытпен сағат 14:00 ресми жерлеу рәсімі өтеді. Шамамен сағат 16:00 (11:00 мск) дабыл қағылып, барлық қала бойынша бір минуттық үнсіздік болады. Бұл сәтте жердегі барлық көліктің жүруі тоқтатылады.
Айта кетейік, Сингапурдың бірінші премьері Ли Куан Ю 23 наурызда жергілікті ауруханалардың бірінде көз жұмды. Бұл жерге ол ақпанның басында өткір пневмония диагнозымен түскен болатын.