Сингапурдың ботаникалық бағы елде алғашқы болып ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурдың ботаникалық бағы бүгін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізілді, деп хабарлады ТАСС.

Сингапурдың ботаникалық бағы елде алғашқы болып ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енді

Бұл халықаралық ұйымның осындай санатына қосылған республикадағы алғашқы нысан. Оны жариялау рәсімі ұйымның Бонндағы 39-шы конференциясы кезінде өтті.

«Біз үшін, әсіресе, биыл Сингапур республикасы құрылуының 50 жылдығын атап өтетін кезде бұл шешім өте-мөте маңызды», - деп мәлімдеді мәдениет, қауымдар және білім министрі Лоуренс Вонг.

Атақты сингапур бағын жасау идеясын Сингапурдың негізін қалаушы деп саналатын сэр Стэмфорд Раффлз (1781-1826) ұсынған болатын. Қазіргі кезде ол 74 гектар аумақты алып жатыр. Барлық туристік жолкөрсеткіштерде Ботаникалық бақ болуға міндетті орын есебінде белгіленген, әсіресе - оның орталық бөлігіндегі орхидея саябағы. Онда осы гүлдердің әлемдегі ең үлкен коллекциясы, сондай-ақ оны өсіретін ең озық орталық бар. Саябақта орхидеяның кемінде 60 мың түрі өсіріледі.