Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі Ли Куан Ю өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі Ли Куан Ю өмірден озды, деп хабарлайды РИА «Новости» оның ұлы, сол елдің қазіргі премьер-министрі Ли Сянь Лунның Твиттердегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Осыған байланысты Сингапурда бір апта жалпыұлттық қаралы күн деп жарияланды. Экс-премьер ақпан айының басында өкпе қабынуы диагнозымен ауыр жағдайда Сингапурдың орталық ауруханасына жатқызылған еді. Ал өткен аптада 91 жастағы қоғам қайраткерінің денсаулығы нашарлап кетті деп хабарланған болатын.
Айта кетейік, Ли Куан Ю - Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі, билікте 31 жыл қызмет екен қоғам қайраткері.