Синхронды жүзушілеріміз Ташкентте үш медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте синхронды жүзуден өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс медальдар жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрама командамыз алтын жүлдені «аралас техникалық дуэт» бағдарламасында қанжығасына байлады. Екінші орын - Өзбекстанда.
Ал алғашқы «күмісті» Дженифер Русанова мен Яна Дегтярева дуэті техникалық бағдарламада жеңіп алды. Бұл сында бірінші орынды Мексикалық қыздар қанжығаларына байлады.
Екінші күміс медаль синхронды жүзушілерімізге еркін бағдарламада бұйырды. Бірінші орын - Мексикада, үшінші орын - Германияда.