Синоптиктер 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болып, батыста ғана күн жауын-шашынсыз.
Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болып, тұман түсіп, жел күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін деген болжам бар.