Синоптиктер 2 ақпанда Қазақстанда ауа сапасы қандай болатынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 ақпандағы метеорологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанның 18 қаласында атмосфераның ластануы байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 12 ақпандағы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Ақсу, Екібастұз, Ақсай, Орал, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалады.
Атырау атмосферасында аздаған ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Сондай-ақ Ақтау, Жаңаөзен қалаларында атмосфераға ластаушы заттар таралады, дейді Қазгидрометтегілер.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.