Синоптиктер: 4-6 қараша аралығында күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 4-6 қараша аралығында Қазақстанның барлық аумағында күн суытады деп болжам жасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазақстанда жылы ауа райына әсер еткен оңтүстік-батыс тропосфералық ауа ағындары батысқа, кейін солтүстік-батысқа ығыса бастайды. Солтүстік облыстарға жауын-шашын әкелген оңтүстік жылы циклоны Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжиды. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында бұл циклонның суық ауа ағындары соңы қарға ұласатын жаңбыр тудырады. Арты циклонға ауысатын антициклон республиканың барлық аумағында күннің суытуына ықпал етеді», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар
telegram