Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 28 сәуірде күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

Атап айтқанда, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Тәңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында – найзағай, оңтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады екпіні кей уақыттарда 28 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды, солтүстігі мен шығысында 25 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.