Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 24 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шымкент қаласында түнде тұман болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, түнде солтүстігінде қатты аяз 22°С болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, кей жерлеріндетұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желді күші 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында сондай-ақ,тұман болжанады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 5-20 жетеді.