Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 24-26 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын әлі де болса кең солтүстік-батыс антициклон анықтайтындықтан, алдағы күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.

«Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман түседі.