Синоптиктер Астана және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Астана және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер Астана және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жасады

25-26 желтоқсан күндері түнде Астана қаласында ауа температурасы 33-35 градусқа дейін төмендейді.

25-26 желтоқсан күндері түнде Ақмола облысында 32-37 градус аяз болып, кейбір жерлерде ол 40 градусқа дейін төмендейді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 95-100 пайыз.