Синоптиктер Астанада аяздың беті қашан қайтатынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнде Астанада ауа райы қандай болатыны туралы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада 7 ақпан күні көшпелі бұлт жүреді, қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -35-37, күндіз -25-27 градус деңгейінде сақталады. 8 ақпан күні де көшпелі бұлт жүріп, қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -30-32, күндіз -19-21 градус шамасында болады. 9 ақпанда көшпелі бұлт жүріп, уақ-уақ қар жауады. Аздап бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -10-12 градус шамасында сақталады», - дейді инженер-синоптик Айнұр Қайыңбаева.

Ол сонымен қатар, 9 ақпаннан кейін аздап күн жылынғанымен, қатты аяз қайтып келуі ықтимал екендігін айтты.

«Ақпан айында күннің суықтығы сақталады. Республиканың солтүстік өңірлерінде температура нормадан 1 градус төмен болса, оңтүстік өңірлерде нормаға жақын болады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін инженер-синоптик Айнұр Қайыңбаева алдағы екі тәулікте суықтың беті қайтпайтынын жеткізген еді.

«Алдағы екі тәулікте елдің басым аумағында суық ауа райы сақталады. Алайда атмосфералық ағындар өткеннен кейін ауа райы шығыс бағытпен араласып, мұның ақырында қар жауып, соңы қатты жел мен боранға ұласады. Содан кейін ауа температурасы көтеріледі», - деген еді синоптик.

Соңғы жаңалықтар