Синоптиктер демалыс күніне ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат  -   «Қазгидромет» РМК  1-3 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА. 

Синоптиктер демалыс күніне ауа райы болжамын жариялады

Қазақстан аумағы арқылы  араласқан атмосфералық ағындар таяу үш тәулікте солтүстіктің кей өңірлеріне, шығыс пен солтүстік-батысқа найзағаймен өткінші жауын-шашын алып келеді деп күтілуде.

Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық қысымның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады.

Астанада 1 шілдеде бұлт шығып, өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан - 9-14 м/с. Түнде температура  +15+17°С,  күндіз  +24+26°С.

2 шілде: Ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батысқа ауыса отырып, солтүстік-батыстан соғады - 5-10 м/с. Түнде температура   +13+15°С, күндіз  +29+31°С.

Астанада 3 шілдеде - ауыспалы бұлт шығады, күндіз өткінші жауын, күн күркіреуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан -  9-14 м/с. Түнде температура  +15+17°С, күндіз  +30+32°С.

Алматыда 1 шілдеде  ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура +16+18°С, күндіз +29+31°С. 2 шілдеде ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура  +18+20°С, күндіз  +31+33°С.

Алматыда 3 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура  +18+20°С,  күндіз +33+35°С.