Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстікте, солтүстік-батыс пен шығыста қар жауады. Кей жерлерде ызғырық жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с дейін күшейіп, түнде тұман түсуі ықтимал. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Тұман түсіп, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан , Жамбыл облыстарының  бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел қарқыны секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының кей аймақтарында бұрқасын күтіледі. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 18 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарына тұман түседі.