Синоптиктер екі облыстағы ауа райына қатысты ескерту жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райына қатысты дабылды ескерту жариялады.
25 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
25 тамызда күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.