06:46, 01 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Синоптиктер ел қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 желтоқсан күні Қазақстанның 4 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Өскемен қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.
Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.