Синоптиктер елдің 6 облысында күн суытатыны туралы болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында күндіз жауын жауып, кей жерлерде күшті бұршақ жауады, солтүстік-батыстан ескен желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді. 13-14 қыркүйекте кей жерлерде солтүстік-батыстан соққан желдің ұйтқуы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Синоптиктер елдің 6 облысында күн суытатыны туралы болжам жасады

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

12-14 қыркүйек күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 13-14 қыркүйек күндері Павлодар, 14-15 қыркүйекте - Қарағанды, 15-16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарында ауаның температурасы түнде 0-5 градус жылылыққа дейін төмендейді, кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады, күндіз 10-15, 7 градусқа дейін жылы болады.