Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Синоптиктердің мәліметінше, 7 желтоқсан күні Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавлов, Семей, Өскемен, Шымкент, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.