Синоптиктер елордада және өзге 6 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 7 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер елордада және өзге 6 өңірде ескерту жариялады

Атап айтқанда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейінгі қатты аяз сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда тұман болжанады.