Синоптиктер елордалықтарға ауа-райы болжамы қалай жасалатынын көрсетеді

12 және 13 наурызда Қазгидромет Астана тұрғындары мен қонақтарын ашық есік күніне шақырды. Синоптиктер осылайша ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің заманауи қоғамдағы рөлін түсіндірмек.
Қазгидромет қызметкерлері экскурсия жүргізеді, онда ауа-райы болжамы қалай жасалатынын, Қазақстан климатының қалай өзгеріп жатқанын, су тасқынынан не күтуге болатынын, басқа да көп ақпарат айтылады. Қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады, ал ең белсенді қатысушыларға ауа райы болжамы сыйлыққа беріледі.
Сондай-ақ келушілерге Қазгидромет мамандары пайдаланатын заманауи құрал-жабдықтар таныстырылады. Фойеде 20-шы ғасырдың мұражай экспонаттары - құрал- жабдықтар мен аспаптар, мұрағаттық құжаттар мен суреттер ұсынылады.
Қазгидромет кеңсесі Мәңгілік елі көшесі 11/1 мекенжайында (бұрынғы Орынбор көшесі) орналасқан.
Жексенбі, 12 наурызда экскурсия сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін, үзіліссіз, әр сағат сайын өтеді, соңғы экскурсия сағат 16:00-де басталады.
Дүйсенбі, 13 наурыздағы экскурсия сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін әр сағат сайын, 13:00-ден бастап бір сағат түскі асқа үзіліс, соңғы экскурсия 16:00-де басталады.