Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 желтоқсан күні еліміздің қалаларында метеожағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 желтоқсанда еліміздің барлық қаласында ауа сапасы қолайлы болады деп күтілуде. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.