Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

автомобили
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер республиканың 12 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады.

26 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус аяз болады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

Шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңында кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Талдықорғанда 26 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының орталығында түнде және таңертең шығыста найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстік, шығыс, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс орталығында, шығысында және батысында өрт қаупі сақталып отыр.

Қызылорда қаласында 26 сәуірде солтүстік-шығыстан жел тұрып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықимал. Өрт шығу қаупі әлі де жоғары.

26 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Алматыда 26 сәуірде түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады. Кей кездері найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қонаев қаласында 26 сәуірде түнде және таңертең найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде өрт шығу қаупі әлі де жоғары.

Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстікте, облыстың оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 16 м/с дейін жетеді.

26 сәуірде Абай ауданының солтүстік, шығыс, облыс орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, күндіз екпіні 23 м/с. Сол күні Семейде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Өскеменде 26 сәуір күні солтүстіктен, күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жел соғады деп болжанып отыр.

26 сәуірде Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік, батыс, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей кездері найзағай ойнап, дауыл соғады. Шымкентте 26 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында 26 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел тұрып, найзағай кезінде бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар
telegram