02:13, 03 Қазан 2015 | GMT +5
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірлерінде желдің күшейетінін ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, батысында және орталығында желдің күшейетіні ескертілді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«3, 4 қазан күндері күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 25 м/с-қа дейін жетеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 3, 4 қазан күндері Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыстан тұрған желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 25 м/с-қа дейін жетеді.
4 қазанда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында солтүстік-батыстан тұрған жел 15-20 м/с-қа дейін, ұйтқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Сондай-ақ, Астанада күндіз 3, 4 қазанда оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін күшеймек.