Синоптиктер Қазақстанның елеулі бөлігінде тұман мен көктайғақты болжап отыр

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның елеулі бөлігі 23 қарашада антициклонның әсерінде болады, республиканың батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық ағын әсер етеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Синоптиктер Қазақстанның елеулі бөлігінде тұман мен көктайғақты болжап отыр

Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп күтілуде, ал Ақтөбе облысында көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метрлік жел тұрады. Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде көктайғақ болады.

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік аумағының көптеген су нысандарында одан әрі мұз қатады. Оңтүстіктің өзендері, көлдері мен су тоғандарында және республиканың оңтүстік-шығысында су температурасының бірте-бірте төмендеуі байқалады.