Синоптиктер Қазақстанның солтүстігі мен орталығында қарлы боран болады деп болжам жасауда

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні, 17 ақпанда Қазақстанның солтүстігі мен орталығында қарлы боран, оңтүстігінде тұман болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктер Қазақстанның солтүстігі мен орталығында қарлы боран болады деп болжам жасауда

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алматы облысында 15-20 м/с жел тұруы мүмкін, түнде жекелеген аудандарда тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, 15-23 м/с жел тұруы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-22 м/с жел күтілуде, Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с болады.

Қызылорда облысында - кей жерлерде көктайғақ болады, 15-20 м/с жел тұрады.

Маңғыстау облысында - кей жерлерде көктайғақ болады.

Қостанай облысының жекелеген аудандарында қарлы боран соғып, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз желдің екпіні - 23 м/с.

Павлодар облысында - кейбір жерлерде бұрқасын, түнде жекелеген аудандарда, күндіз аумақтың басым бөлігінде 17-22 м/с жел, желдің екпіні - 25 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының жекелеген аудандарында қарлы боран күтілуде, 15-20 м/с жел тұрады, түнде - тұман, көктайғақ.