Синоптиктер қызылордалықтарға ескерту жасады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы қызылордалықтар үшін дауылды ескерту жариялады.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Синоптиктердің хабарлауынша, 26 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр. 

— Жел батыстан, солтүстік батыстан соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, облыс орталығында 23-28 метр жел көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, — делінген хабарламада.

Синоптиктер бүгін еліміздің барлық өңіріне толассыз жауын, бұршақ пен аптап ыстықтан қауіп төніп тұрғанын ескерткен болатын.

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті
Ұқсас жаңалықтар

Иранда доллар бағамы тарихи максимумға жетті