Синоптиктер күн суытады деп болжап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.
None
None

«22 қыркүйек күн мен түннің теңелетін күні. Осы күннен бастап күн түннен қысқара бастайды. Астрономиялық жаз аяқталады да күз басталады. Қазақстанның солтүстігінің тұрғындары күзгі ауа райын сезінуде. Батыс Сібірден  жылжыған суық арктикалық ағын басында солтүстікте, содан кейін орталық және шығыс облыстарында  жауын-шашын, содан кейін ау райының суытуына әкеледі», - делінген хабарламада.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысына суық ағын сенбі күні жетіп, өңірлерде жаңбыр жауып, ауа температурасының күрт төмендейді.

Соңғы жаңалықтар