Синоптиктер қыркүйек айындағы ауа райына болжамын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айында жаңбыр жауып ауа температурасы бірте-бірте төмендей бастайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» РМК.
None
None

«Тамыз айы  қыркүйек айына жылы ауа-райы эстафетасын береді, бірақ  еліміздің батысында және оңтүстік шығысында ауа-райы жаңбырлы болады. Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында жаңбыр жауып  ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.

4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12...20 градус жылы, күндіз 20...28 градусқа дейін жылы;

6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстігінде және орталығында, 8-10 қыркүйекте шығында түнде 7...15 градус жылы, ал күндіз 17...25 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12...20 градус жылы, күндіз 22...30 градусқа дейін жылы.

8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік шығыста түнде 10...18 градус жылы, ал күндіз 20...28 градусқа дейін жылы.

Одан кейін, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды:

солтүстік жартысында күндіз 22...30 градусқа дейін жылы;

оңтүстік жартысында күндіз 27...35 градусқа дейін жылы;

Алдын ала болжам бойынша,  қарқынды салқын толқындары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында түнде 3 салқын... 5 жылы, күндіз 7...15 жылы

оңтүстік жартысында түнде 2...10 жылы, күндіз 17-22 жылы.

Соңғы жаңалықтар