Синоптиктер қыркүйекте Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде күн ашық, ауа температурасы 27-32 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, күздің басында Алматыда жазғы ыстық ауа райы сақталады.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +7+12-ден +12+17, күндіз +22+27-ден +27+32 градусқа дейін көтеріледі.
Одан кейін ауа температурасы түнде +5+10, күндіз +21+26 градусқа дейін төмендейді.
«Екінші онкүндіктің жартысында ауа температурасы төмендейді. Түнде +10+15, күндіз +26+31 градус болады. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +1+6, күндіз +16+21 градусқа дейін төмендейді деп болжанған», - деп хабарлады Қазгидрометтен.
Сондай-ақ, бір айдағы жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады (норма: 28 мм).
Бірінші онкүндіктің басы мен аяғында, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
«Бір айға арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжаммен нақтыланып отырады», - деп атап өтті синоптиктер.