Синоптиктер сәрсенбіде ел аумағында жауын-шашын тыйылады деп болжайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамырда Қазақстанның территориясының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынның тоқталуы күтіледі, тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер сәрсенбіде ел аумағында жауын-шашын тыйылады деп болжайды

Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады, түнде және таңертең тұман бақыланады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.