Синоптиктер тағы бірнеше өңірде ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты тағы бірнеше өңірде өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, 25-27 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман күтіледі.
25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде сондай-ақ тұман болжанады.
25 желтоқсандаАқмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.
Еске салайық, «Қазгидромет» бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында -20-42 градусқа дейін қатты аяз күтілетінін ескерткен еді.