Синоптиктер тағы екі өңірде ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«14 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, баяу бұрқасын болуы ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. 14 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с артады», - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін 3 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.