Синоптиктер вице-министрдің дауыл туралы айтқан пікірін жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РММ ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің Мәскеуге дауыл әкелген ауа ағындары Қазақстан аумағын да шарпып өтуі мүмкін екендігі туралы айтқан кешегі пікірін жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер вице-министрдің дауыл туралы айтқан пікірін жоққа шығарды

«Қазгидромет» РММ 30 мамырда Оңтүстік-Каспий циклонына байланысты солтүстіқ аймақтарда және Астана қаласында желдің күшеюі күтілетінін хабарлады.  Бірақ еліміздің ауа-райына Мәскеу және Мәскеу облысында болған дауыл әсер етпейді», - делінген баспасөз баяында.

Баспасөз қызметі хабарламасында Ю. Ильиннің Қазгидромет ақпаратына қайшы өзінің жорамалын білдіріп, халық арасында дүрбелең тудырғандығы атап айтылды.

Еске сала кетейік, кешеҮкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Мәскеуге дауыл әкелген ауа ағындары Қазақстан аумағын да шарпып өтуі мүмкін екендігін айтып, оған дайындық жұмыстарының пысықталғандығын жеткізген болатын.