Синоптиктер жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат -26 қарашада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі, қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктер жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлірінде тұман, көктайғақ жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.