Синоптиктердің 1 қазан күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазан күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай күтіледі. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, солтүстік-батыста және шығыста тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің 1 қазан күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с артады.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман болжанады.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.