Синоптиктердің 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 ақпан күні республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде кей жерлерде аздаған қар жауады. Қазақстанның  басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с құрайды, кей уақытта оның екпіні 30 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Сондай-ақ тұман болжанады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын мен тұман күтіледі. 

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде сондай-ақ тұманды болады.