Синоптиктердің 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 16 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар  жауып, жел күшейеді. Жекелеген өңірлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің 16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқандай, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Павлодар  облысының кей жерлерінде түнде 18 м/с екпіндегі жел мен жаяу бұрқасын соғады. 

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ  болуы ықтимал.

Павлодар облысының жекелеген аумақтарында желдің күші 15-20 м/с артады, күндіз көктайғақ күтіледі. 

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Қостанай облысында тұман күтіледі. 

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.