03:41, 22 Ақпан 2018 | GMT +5
Синоптиктердің 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерінде қар жауып, көктайғақ күтіледі, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с күшейетіні күтілуде.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында оның екпіні 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с артады, жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Қызылорда облысында көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.