Синоптиктердің 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауа райын әлі де антициклон анықтауда. Соның әсерінен 27 қаңтар күні жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 18-23 м/с екпінмен соғатын желдің жылдамдығы 30 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел 23 м/с артады, Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болады. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. 

Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. 

Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында - қатты, Алматы облысында өте қатты аяздар сақталады. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болжанады. 

Сонымен қатар қатты аяздар Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күтіледі.