Синоптиктердің 29 қазанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 29 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман болады, бұрқасын мен көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Ақмола мен Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде сондай-ақ тұман мен көктайғақ болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін артады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарын тұман басып, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, ОңтүстікҚазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 27 м/с жетуі ықтимал.