Синоптиктердің 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қарашада республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстігінде, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тұман, көктайғақ күтіледі,  жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Жарма  ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,  Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.