Синоптиктердің 9 сәуір күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 сәуір күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік аумағында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады. Өзге өңірлерде күн райы жауын-шашынсыз өтеді. Жекелеген жерлерде тұман сақталады, оңтүстікте жел жылдамдығының артуы, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің 9 сәуір күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, таңертең және күндіз 25 м/с артуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жекелеген аумақтарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында таңертең және күндіз желдің күші 20-25 м/с артады.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Казақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.