Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның көп жерінде боран соғады

деп хабарлады сейсенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Республиканың барлық аумағындағы ауа райын атмосфералық фронталдық ағындар анықтайтын болады. Тек республиканың солтүстігі ғана суық антициклонның әсеріне ұшырайды.
Атап айтқанда, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Қызылорда облысының жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Қостанай облысында, түнде Ақмола облысында боран борайды, кей аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжануда.
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында боран болады, желдің екпіні 17-22 метр/секундқа дейін жетеді. Ал Қарағанды облысында көктайғақ болады, 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, боран болады.