Синоптиктердің болжамынша Астанада жаңбыр жауады

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада жаңа жұмыс аптасының басында күн суық болады, жаңбыр жауады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» МКК хабарлады. Алдағы күндері ауа райы өзгереді. Түнде ауа температурасы 0+7°C, күндіз +10+17°C болады.

Синоптиктердің болжамынша Астанада жаңбыр жауады

«Дүйсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады. Оңтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +5+7°C, күндіз +15+17°C деңгейіне жетеді», - делінген хабарламада.

Сейсенбі күні елордада күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +3+5°C, күндіз +10+12°C-ге жетеді.

Сәрсенбі күні көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0+2°C, күндіз +10+12°C болады.