Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері Астанада жаңбыр жауады
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең елордада күн ашық, жауын-шашынсыз болды. Бірақ демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» МКК хабарлады.
Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа температурасы +13+16°C, күндіз +21+25°C болады. Көшпелі бұлт шығады.
«Сенбі күні Астанада күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа температурасы +14+16°C, күндіз +23+25°C болады», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Жексенбі күні де көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркірегенде желдің екіпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 13+15°C, күндіз +21+23°C болады.